Отзыв. Ж.Ә.Сапиева ханымға
2015 жылғы қаңтардың 13-нен Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ӨТБ-3 бөлімінде емделіп жатырмын. Дәрігерлер де, орта және кіші медицина қызметкерлері де аса мейірлі, ізетті, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын білікті адамдар. Айтарымыз тек алғыс қана.
24 сағат бойы науқастарға ерекше қамқорлық көрсетіп, тынымсыз еңбек етеді.
Науқас ретінде бір байқағаным - өзге ауруханалардағыдай емес, орта буын медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме (нагрузка) өте көп секілді. Жанымыз ашиды. Оның үстіне бөлімшеде аурулары асқынған, өмірде ашынған, ішімдікке салынған адамдар да аз емес көрінеді. Мейірбикелер солармен тіл табысып, ем-дом алуына барынша қамқорлық көрсетіп бәйек болады. Бірақ жұмысымыз ауыр деп ренжігендерін байқаған емеспін. Ризамын.
Бірақ, осыны көре тұра үн-түнсіз жүре беруді де жөн санамадым. Себебі, мейірбикелер мен кіші қызметкер де көңіл бөлуге лайықты адамдар.
Әр қызметкердің жүктемесін сәл-пәл азайтса, жұмыстың да нәтежиелі болуы сөзсіз деп ойлаймын. Ол үшін штат санын 3-4 адамға ұлғайтса болар еді. Мүмкіндік келсе, осы жағына көңіл бөлсеңіз. Бірақ бұл қазіргі еңбекақыларына ешқандай зиян келтірмейтін болса ғана. Себебі, жалақыны қысқарту есебінен штат санын көбейту мәселені шешпейді. Керісінше жұмыста салғырттық пайда болады.
Осы өтінішімді қарап, оң шешім қабылдар деп сенемін.
Ізгі ниетпен: жазушы-журналист С.Қ.Иманасов.
ЕщеЕщё 2 адреса
Отзыв. Добрый день, звоню в течении одного часа, телефоны указанные на сайте не отвечают, гудок идет затем сразу сбрасывают типа не мешайте нам завтракать, но мы обращаемся по работе, а не по своей прихоти. просьба устранить данные недостатки, или напишите тел который будет принимать экстренные извещения!!!!!!!!!!!!
ЕщеОтзыв. Ал, қалалық онкология орталығының мамандары, Алматы онкология орталығында маммология бөлімінің меңгерушісі - Байдилбеков Серік Асилбекович, хирург Меирманов Нурбол Оналбаевич және Накипбеков Қайсар Амангелдиевич апамыздың кәрілік жасына қарамай, үлкен жауапкершілікпен қарап, сәтті ота жасап шығарды.
Одан кейінгі Жусупбекова Марина Турсынбековна – маммология бөлімінің медбикесіне үлкен алғыс, адамның жүрегіне үлкен мейірім силайтын, жалпы аналарға күш-қуат беретін, опа жасаудан бас тартпай уақытында қаралып, емделуге зор ықпалын тигізеді. Серкебаева Аяулы Нусипбековна – мейірбикеде опадан кейінгі адам баласына екінші жан беретіндей қамқор жасайды. Бұл жердегі шаруа бикесі – Молдахметова Жазира Куралбаевнаға айтар сөзіміз жоқ, өзі қандай таза жан болса, айналасы да сондай таза.
Бүгінде науқас балаша қуанып, алғысы шексіз. Барлық медицина мекемелері осындай жағдай жасап, адам баласына қамқорлық жасаса нұр үстіне нұр жауар еді.
Еще
Диспансеры в других городах:
- Диспансеры в Астане
- Диспансеры в Шымкенте
- Диспансеры в Актобе
- Диспансеры в Атырау
- Диспансеры в Караганде
- Диспансеры в Семее